АУЫЛ БИЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
09/11/2023
Түлкібас аудандық сотының ұйымдастырумен, қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу, медиация институтын дамыту және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, Түлкібас ауданының ауыл билерінің қатысуымен дөнгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Түлкібас аудандық сотының төрағасы Марат Ырсымбетов және Түлкібас ауданының 15 ауыл округінің билері қатысты.