
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Басты мақсат - сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау
Сот қауымдастығы мен сот жүйесі қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасына сәйкес Түркістан облыстық соты ішкі қауіпсіздік бөлімі басшысының апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау жүргізу тәжірибесін ендіруде.
Осыған байланысты судьяның немесе сот жүйесі маманының тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекетін байқаған жеке немесе заңды тұлға жұмыс істеп тұрған 8-(725-33) 5-75-84, 8 (701)-989-99-88 сенім телефондарына хабарлап қана қоймай, әр аптаның бейсенбі күндері сағат 9.00 ден 13.00-ге дейін Түркістан облыстық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі басшысының қабылдауында болып, шағымын жеткізе алады.
Көрсетілген шара азаматтарды қабылдау тәртібі кестесіне сәйкес жүргізілетін болады. Оған қоса сыбайлас жемқорлық әрекеті туралы хабарлаған тұлғаның қауіпсіздігі бойынша да тиісті шаралар қолданылатын болады.
Қабылдау күні: бейсенбі.
Мекен-жайы: Түркістан қаласы, 160 орам, 254 телімі, Түркістан облыстық сотының ғимараты, № 162 жұмыс бөлмесі.
Қабылдауды Түркістан облыстық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Калмақбаев Асқар Абдулкапарович жүргізеді.
Түркістан облыстық сотының сенім телефоны 8-(725-33) 5-75-84, 8 (701)-989-99-88.
Тіркеме | Құрылған | Автор | Көлем |
---|---|---|---|
![]() | 23.08.2023 18:09:07 | uko-manager | 672.18 KB |
![]() | 23.08.2023 18:09:07 | uko-manager | 400.08 KB |
![]() | 23.08.2023 18:09:07 | uko-manager | 631.74 KB |
![]() | 23.08.2023 18:09:07 | uko-manager | 592.55 KB |
![]() | 23.08.2023 18:09:07 | uko-manager | 21.23 KB |