Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н. Шәріпов: "Міндет – айқын, жол – жарқын", "Айғақ", 05.04.2017 ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында сот саласын одан әрі дамыту туралы атап көрсеткен бағыттарын басшылыққа алып, облыс соттарындағы әрбір судья сот билігінің биік абыройы үшін адал қызмет етіп, сот жүйесін одан әрі жетілдіру бағытында жұмыстарды атқаруда. 2017 жылдың 31 қаңтарында жарияланған Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайларға орай тәуелсіз мемлекетіміздің жүргізетін ішкі-сыртқы саясаты нақтыланып, алдағы уақытта көңіл бөлінетін маңызды мәселелер мен басты міндеттер  айқындалған.

Бұл маңызды құжатта негізгі саяси, экономикалық және әлеуметтік бағыттардағы жаңарумен қатар сот жүйесіне қатысты тұстар да анық көрсетілген. Содықтан да, бұл Жолдауды инновациялық тұрғыдан тарихи  Жолдау деп айтуымызға болады. Өйткені, Елбасымыз өз Жолдауында «Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде Қазақстандықтарға маңызды міндет артып, 30 дамыған елдің қатарына кіру қажет деген үлкен мақсат қойып отыр.  Осы мақсатқа жету үшін Президент бес негізгі басымдықты атап көрсеткен.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты үстіміздегі жылдың ақпан айының басында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Мемлекет басшысының Жолдауын орындау шеңберіндегі судьялар корпусының алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмыс кеңесін өткізіп, республика соттары Жолдауды белсенді іске асыруға кіріскен еді. Кеңесте Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, бұл Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің ғаламдық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру міндетін қойғанын айтып, «Сот жүйесі құқық үстемдігі мен баршаның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ете отырып, Жолдауды табысты іске асырудың маңызды буыны болып табылады. Біз осы ретте мұны қалай жүзеге асырып, қандай міндеттерді қай мерзімде шешетіндігімізді нақты анықтауымыз керек. Соттар сот жүйесіне тән бағыттар бойынша ғана емес, өз құзыреті шеңберінде де Жолдауда белгіленген еліміз үшін маңызды өзге де барлық басым бағыттарды іске асыруға белсене атсалысуы қажет. Бұл жеке меншікті қорғауға, шетелдік инвестицияларды тартуға, бұқаралық кәсіпкерлікті қолдауға, салық-бюджет саясатын жақсартуға, бюджетті оңтайлы қолдануға қатысты мәселелер. Бірінші кезекте тұрған міндеттердің қатарында құқық үстемдігі мен баршаның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды жүргізу бойынша Жоғарғы Соттың алқаларына жеке меншікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылық санаттары бойынша сот практикасын талдау және осы құқық бұзушылықтарды жасаудың негізгі себептерін зерттеуді және Жоғарғы Сот әзірлеген Әкімшілік процестік кодекс (ӘПК) жобасы бойынша жұмысты күшейту қажет.» - деген болатын.

Осы мәселелер бойынша сот практикасы сарапталуы, заңнама қайта тексерістен өтуі және тиісті органдарға кешенді ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіріп, кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендетіп, қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылтуға тапсырма берген еді.

Біз, бұл қадамдардың бас бостандығынан айырылғандардың санын азайтып, бизнесті дамыту мен қолдауға ықпал етіп, еліміздің экономикасын нығайтатынын ескеріп, осы бағыттағы жұмыстарды атқарудамыз.

Жолдауда Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді тапсырған. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді делінген. Дәл осы Цифрлық технологияларды қолданудың сот жүйесіне де қатысы бар. Мысалы, біздің облыстың соттары Цифрлық жаңа технологияларды қолдануда өзгелермен салыстырғанда көш ілгері. Дегенмен, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың соттарға деген сенімділігін арттыру мақсатында, сот ісін жүргізуде жаңа электронды технологияларды қолдануды алдағы уақытта дамыта беретін боламыз. Осы ретте, еліміздің соттары бұл жағынан, яғни жаңа электронды технологияларды қолдануда ТМД мемлекеттері арасында алда десем, артық айтқандық болмас. Оған биылғы ақпан айында Өзбекстанға іссапармен барғанда көз жеткіздім. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жаңа технологияларды қолдануда ТМД мемлекеттеріне үйретуші ел бола алады деп ойлаймын.

Президент Жолдауында, бесінші басымдық – институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес деп белгілеген.

Сонымен қатар, әкімшілік және қылмыстық  заңнамаларын ізгілендіру, кәсіпкерлік саласындағы құқықбұзушылық үшін санкцияларды азайту бойынша жұмыс жүргізу  қажеттігіне тоқталып, сот жүйесіне деген сенімді арттыруға қол жеткізіп, судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды екенін атап көрсеткен.

Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар жеке меншікті, құқық үстемдігін және баршаның заң алдындағы теңдігін қорғауға бағытталып,  барлық заңнамалар меншік құқығын қорғауды күшейтуге тексеріліп, бұл жаңғырту «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізінде жалғасуда.

Баршаңызға белгілі, 2017 жылдың 13 наурызында Мемлекет басшысы «Кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Конституциялық заңға сәйкес «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына судьялардың кәсіби қызметінің кезеңдік бағалауының қорытындысы бойынша қабылданатын іс-шаралардың жетілдірілуіне бағытталған өзгерістер енгізілді. Сот корпусы құрамының сапалығын арттыру мақсатында және бағалау механизмін жетілдіру, кәсіби біліктіліктің өсуін ынталандыру үшін судья кәсіби қызметі бойынша кезеңдік бағалаудан теріс нәтиже көрсеткен жағдайда оны қайта бағалаудан өткізбей-ақ  қызметінен босатуды көздейтін өзгерістер енгізілді. Сот жюриі судьяны басқа сотқа немесе басқа мамандануға ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда судьяны конкурс арқылы өткізбей-ақ басқа сотқа ауыстыру тәртібін реттейді.

Доғарыстағы (отставкадағы) судьялардың бюджеттік ұйымдарда оқытушылық, ғылыми және басқа да шығармашылық қызметпен өмір бойғы ай сайынғы қамтылымның  тоқтатылуынсыз айналысуына мүмкіндік беретін түзету енізілді. Ұсынылған өзгерістер отставкадағы судьялардың тәжірибесін оларды мемлекеттік ЖОО-на, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында оқытушылық қызметке тарту жолымен судьялық кадрларды даярлауға қолдануға мүмкіндік береді.                                                    

Жоғарыда аталған және тағы басқа да заңдардың ережелері сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты нығайту бойынша судьялардың жауапкершілігін арттыруға, судьяларды кадрлық іріктеу саласын реттейтін заңнаманы жетілдіруге ықпал ететін болады.

Президенттің Жолдауынан туындаған осы өзгерістер туралы наурыз айында Қазығұрт, Төле би аудандарының тұрғындарымен кездесу барысында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздім.

Облыстағы судьялар қауымдастығы мен облыс бойынша Соттар әкімшісінің қызметкерлері Президенттің Жолдауын толықтай қолдап, еліміздің одан әрі жаңғырту бойынша тапсырмаларды орындауға өздерінің үлесін қосу мақсатында нақты жұмыстар атқаруда.

Сөзімді қорыта келе, Қазақстан халқының игілігі мен гүлденуі үшін елімізде іске асырылатын Президенттің жаңа бастамалары табысты болады деген сенімдемін. Осы орайда, Президенттің Жолдауынан туындайтын міндеттер еліміздің ертеңгі өркендеуі, Қазақстанның қуатты болуы, құқық жүйесінің негізі – сот жүйесін одан әрі қарай жетілдіру бүгінгі судьялар қауымдастығының абыройлы міндеті және оны біз ойдағыдай жүзеге асыратын боламыз!

 

Нұрсерік  ШӘРІПОВ,

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы