Жаңалықтар

Бәйдібек аудандық сотының төрағасы М.Сәрсеновтың төрағалық етуімен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «№19 колледж» МКҚ студенттерімен кездесу өтті.

02/11/2023

 

    Бәйдібек аудандық сотының хабарламасы бойынша:

    Бәйдібек аудандық сотының төрағасы М.Сәрсеновтың төрағалық етуімен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «№19 колледж» МКҚ студенттерімен кездесу өтті.

Өзбекстан Республикасының азаматтары жергілікті атқарушы орган немесе ішкі істер органдары берген тиісті рұқсаттарсыз Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырған.

01/11/2023

Отырар аудандық сотының хабарламасы бойынша:

2023 жылдың 31 қазанында Отырар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен он бес Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының он бес азаматтары 2023 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы аумағына жеке мақсатта келіп, тиісті рұқсатты алмай, Отырар ауданы, Көксарай ауылы, Тәуелсіздік көшесі нөмерсіз үйде қауын артушы болып еңбек қызметін атқарған.

Түркістан облысы Отырар ауданында ішкi iстер органдарында тiркелмеген қару 12-калибрлі «ИЖ-27» модельді аңшылық отты атыс мылтығы тәркіленді

01/11/2023

Түркістан облысының Отырар аудандық сотының хабарламасы бойынша:

2023 жылдың 30 қазан Отырар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, 2023 жылғы 04 қазанда сағат 17:00 шамасында Түркістан облысы, Отырар ауданы, Аққұм ауылына қарасты «Ащы құдық» деп аталатын мал жайылымдық жерде, ішкi iстер органдарында тiркелмеген қару 12-калибрлі «ИЖ-27» модельді, ұңғыдағы зауыттық нөмірі «22311» санды тегіс ұңғылы,  аңшылық отты атыс мылтығын өзімен бірге алып жүрген.

Бәйдібек аудандық сотының төрағасы М.Сарсеновтың төрағалық етуімен азаматтық және әкімшілік істерді мемлекеттік тілде қарау барысында туындайтын мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді

26/10/2023
Бәйдібек аудандық сотының хабарламасы бойынша:
Сот төрағасы М.Сарсеновтың төрағалық етуімен және судья Ж.Қосалбаев, аудан прокурорының көмекшісі А.Тілеужанқызы, аудан әкімінің заңгері О.Амалов, Бәйдібек аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Г.Бекбосынова, Бәйдібек ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы А.Сейілханов және жеке сот орындаушылар Е.Байсариев, Г.Сембеков, Б.Кадирсизовтың қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Түркістан облыстық сотында Республика күніне орай салтанатты жиын өтті.

24/10/2023
Түркістан облыстық сотында Республика күніне орай салтанатты жиын өтті.
Жиынға облыстық соттың, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, басшы орынбасарының м.а. және сот қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесімен заң және судьялар қоғамдастығының өкілдерімен Кеңестің құзіретіне кіретін қызмет туралы ақпараттық-түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.

24/10/2023
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесімен заң және судьялар қоғамдастығының өкілдерімен Кеңестің құзіретіне кіретін қызмет туралы ақпараттық-түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.
Кездесуге судья лауазымына біліктілік емтиханды тапсыруға үміттенетін кандидаттар шақырылады.
Сондай-ақ прокуратура және құқық қорғау органдары қызметкерлері, адвокаттар, заң қоғамдастығының өкілдері, басқа да мемлекеттік органдардың заңгерлері.

алимент төлеуден жалтарған азаматқа мәжбүрлі еңбекке тартылу міндеттерін орындау жүктелді.

23/10/2023
Түркістан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасы бойынша:
Азамат Н. Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының 2017 жылғы 14 тамыздағы №3-1/2120 сот бұйрығы негізінде өзінің кәмелет жасына толмаған 2005 жылы 6 қаңтарда туған баласы О-ны кәмелет жасына толған уақытқа дейін, өндіріп алушы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы Таскескен ауылы тұрғыны азаматша М-ның пайдасына алимент төлеуден жалтарған.

Облыстық сот ұжымы судьяларды құрметті отставкаға шығарып салып, жаңадан тағайындалған судьяны сот корпусына таныстырды

20/10/2023
Облыстық сот ұжымы судьяларды құрметті отставкаға шығарып салып, жаңадан тағайындалған судьяны сот корпусына таныстырды
Түркістан облыстық сотында судьялар Аят Алшынбаев пен Жәнібек Сейітжаппаровқа құрметті отставкаға шығуына байланысты және Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 6 қазандағы №367 Жарлығымен Түркістан облысы Сайрам аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалған Ерубай Эдрисұлы Дусалиевты таныстыру салтанатты іс-шара өткізілді.

Түркістан облыстық сотының төрағасы Т.Мыятбековтың төрағалық етуімен 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша кеңейтілген жиналыс өткізілді.

19/10/2023
Бүгін Түркістан облыстық сотының төрағасы Т.Мыятбековтың төрағалық етуімен 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша кеңейтілген жиналыс өткізілді.
Аталған жиналысқа сот алқаларының төрағалары, облыстық соттың судьялары, Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, басшы орынбасарының м.а., бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, судьялары мен сот әкімшілерінің басшылары қатысты.

Беттер