Бс, 09/11/2023 - 12:48


Түлкібас аудандық сотының ұйымдастырумен, қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу, медиация институтын дамыту және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, Түлкібас ауданының ауыл билерінің қатысуымен дөнгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Түлкібас аудандық сотының төрағасы Марат Ырсымбетов және Түлкібас ауданының 15 ауыл округінің билері қатысты.
Кездесуді Марат Ырсымбетов ашып, ауданымыздағы өршіп тұрған проблемалық дауларды, оның ішінде жер даулары, алимент және жас отбасылардың некелері бұзылып жатқандығы туралы айтып, аталған даулардың алдын алу қажеттігіне назар аударып өтті.
Өз кезегінде, ауыл билері аталған даулар бойынша өз ойларымен бөлісіп, алдағы уақытта осы тектес дауларды болдырмау мақсатында бірлесіп, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді.
Қайнар:
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі