БАСШЫ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігі басшысы Н.Ахметзакировтың 2023 жылдың 6 қарашадағы №6001-23-7-9/1118 санды өкімімен Жұмадилов Данияр Қарабайұлы Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Департамент басшысының орынбасарын сот корпусы мен сот қызметкерлеріне Түркістан облыстық соты төрағасының м.а. А.Сұлтанов пен Сот Әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы. А.Апбас бейнебайланыс қолдану арқылы таныстырды.
А.Сұлтанов пен А.Апбас Д.Жұмадиловтың жаңа қызметінде жетістіктер тілей отырып, өзіне жүктелген міндеттерін адал атқаруға, басшылық тарапынан жүктелген сенімді ақтауға тілек білдірді.
Ізгі тілектерге Түркістан облыстық сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Биболов пен Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің құжат айналым бөлімінің басшысы Э.Аширова қосылды.
Жұмадилов Данияр Қарабайұлы
1986 жылы 13 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.
2009 жылы Ұлттық Техникалық университетін машина жасау мамандығы бойынша және 2011 жылы Шымкент университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 18.10.2010-20.07.2012 жыл аралығында Астана қаласында “Фирма-Изет” ЖШС-нің программист қызметінен бастап.
06.08.2012-26.11.2012 жыл аралығында Төлеби ауданы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы-заңгер,
29.11.2012-22.07.2013 жыл аралығында Шымкент гарнизонының әскери соты кеңсесінің жетекші маманы, 22.07.2013-27.03.2015 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы,
27.03.2015-17.04 2017 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы - сот мәжілісінің хатшысы,
17.04.2017-17.07.2020 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің соттардың инфақұрылымын дамыту және қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы,
20.07.2020-02.09.2020 жыл аралығында Шымкент қаласы бойынша Соттар Әкімшісінің ақпараттық технологиялар және қорғау бөлімінің бас маманы,
14.10.2020-14.09.2022 жыл аралығында Шымкент қаласы бойынша Соттар Әкімшісінің соттардың инфақұрылымын дамыту және қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы,
14.09.2022-25.04.2023 жыл аралығында Шымкент қаласы бойынша Соттар Әкімшісінің соттардың инфақұрылымын дамыту және қамтамасыз ету бөлімінің басшысы,
25.04.2023 жылдан осы уақытқа дейін Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің соттардың инфақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы
Сот жүйесіндегі жалпы жұмыс өтілі - 11 жылға жуық.
Қайнар: 
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі