Бәйдібек аудандық сотының төрағасы М.Сәрсеновтың төрағалық етуімен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «№19 колледж» МКҚ студенттерімен кездесу өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

    Бәйдібек аудандық сотының хабарламасы бойынша:

    Бәйдібек аудандық сотының төрағасы М.Сәрсеновтың төрағалық етуімен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «№19 колледж» МКҚ студенттерімен кездесу өтті.

     Төраға іс-шараның басты мақсаты халықтың құқықтық білімін, оның ішінде жастар арасындағы қылмыстың алдын-алу, сыбайлас жемқорлық заңнамалары бойынша сауаттылығын жетілдіру жолымен сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көріністерін болдырмау, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету және сот жүйесіндегі жаңа технологиялардың, ахуалдық орталықтың тиімді тұстарын түсіндірді.

     Кездесу барысында аудандық соттың маманы А.Тәңірбергенова «Құқықтық тәрбие негізі отбасыдан басталады» атты баяндама оқыды.

     Сонымен қатар кездесу барысында экстремизм мен терроризмге қатысты таралатын жалған ақпараттар мен қоңыраулар туралы талқыланды.

     Студенттерге экстремизм мен терроризмге қарсы жалған ақпараттарға алданбау керектігі, ондай жағдай орын алғанда бірден құзырлы органдарға хабар беру керектігі айтылды.

    Егерде студенттердің өз тараптарынан заңға қайшы құқық бұзушылық орын алатын болса ол әрекеттері үшін қандай жаза қолданылатындықтары және қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезі 14 жастан  және 16-ға толған азаматтар тартылатындығы түсіндірілді.

    Қазіргі таңда орын алып отырған кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге қатысты олардың қатысуымен орын алған қылмыстық істерге назар аударылды.

     Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауаптар алып, кездесу соңында колледж студенттері алғыстарын білдіріп, өткізілген іс-шараның жастар тәрбиесіне септігін тигізетініне сенімді екенін атап өтті.

 

Қайнар: 
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі