Отырар аудандық және ауылдық әкімдіктер жанынан медиация кабинеті ашылды
21/04/2016
Отырар аудандық соты Отырар аудандық әкімдігімен бірлесіп аудандық және ауылдық әкімдіктердің ғимараттарында медиация кабинеттерін ашты.
Аудандық соттың төрағасы Б.Дүйсебеков әкімдік ғимараттарында медиация заңының қағидаттарын тұрғындарға кеңінен түсіндіру үшін арнайы ашылған кабинеттерде медиация рәсімдерін жүргізу жолдары мен оның артықшылықтары түсіндірілетіндігін айтты.
Источник:
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі