Әскери тәртіпке бағынбаған жауынгер
01/07/2016
Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 23.06.2016 қаулысымен Шымкент қаласы №6506 Әскери бөлімінің Автомобильдегі жедел мақсаттағы ротасының сарбазы қатардағы жауынгер Н.Н. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Сот мәжілісінде істі қарау барысында құқықбұзушы Н.Н. 22.05.2016 жылғы сағат 10:10-да қатардағы жауынгер Н.М.-ның «жуыну бөлмесіне тазалық жұмыстарын жүргізу» туралы бұйырығын орындамағаны анықталды.
Сотта құқық бұзушы Н.Н. өзінің айыбын толық мойындап, өкінетінін айтты.
Қаулы заңды күшіне енбеген
Источник:
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі