Кәмелетке толмаған баласына алимент төлемегені үшін қамаққа алу жазасы тағайындалды
28/07/2016
Арыс аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен құқық бұзушы А.Б.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.
Құқық бұзушы А.Б., кәмелет жасқа толмаған баласын асырап бағу үшін табысының 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт бойы орындамаған, оның алимент бойынша берешегі 583 365 теңгені құраған.
Соттың қаулысымен құқық бұзушы А.Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған бес тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Источник:
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі