Мамандандырылған сотта дөңгелек үстел өтті
26/04/2017
Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жасөспірімдерге қарсы қылмыс ‒ қоғамға қауіпті құбылыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге ОҚО адвокаттар алқасының, ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, облыстық прокуратураның, Білім басқармасының, ІІД-нің және БАҚ өкілдері қатысты.
Баяндамашы судья А.Қарабаев дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына «Жасөспірімдерге қарсы қылмыс-қоғамға қауіпті құбылыс» тақырыбы бойынша қоғамда орын алып жатқан қылмыстарға, оның шығу себептеріне тоқталды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылармен пікір алмасып, тақырып бойынша мәселелерді талқылады.
Источник:
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі