Азаматтық іс бітімгершілік келісім негізінде қысқартылды
19/05/2017
Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен талапкер «K.K.Z.» ЖШС-гі ЖК Л.Н.-ден қарыз соманы өндіру туралы азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді.
Сот ісін жүргізу барысында тараптар бітімгершілік келісімге келген, оған сәйкес бітімгершілік келісімі жасалынған ұйғарым заңды күшіне енген күнен бастап 5 айдың ішінде жауапкер талапкерге 1 250 000 теңге төлеуді міндетіне алды.
Ұйғарым заңды күшіне енбеген.
Источник:
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі