Айналамыздың тазалығы – жанымыздың тазалығы
16/09/2017
Сенбілік – тазалықтың төресі. 16 қыркүйек 2017 жылы Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы сенбілік күнін өткізді.
Ұйымшылдық деген сол. Сенбілікке қатысушылардың белсенді еңбегінің нәтижесінде бірнеше сағат ішінде сот ғимаратының айналасы тазаланып, төңірегіндегі қоршаулармен ағаштар әктеліп, арық жүйелері қоқыстан тазартылып шықты.
«Сана тазармай, қала тазармайды» деген қағидатты сот төрешілері биік бағалап. Маңай күл-қоқыстан тазартып, төңіректегі көшелер тәртіпке келді.
Источник:
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі