Жалған көлік құралын басқару куәлігін пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды
11/03/2015
Еңбекші аудандық соты үкімімен М.А. көлік құралын басқару құқығының айырылған тұлға бола тұра, жалған куәлікті пайдаланып көлік құралын басқарғаны үшін сотты болды.Сотталушы А.М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 385 бабы 3 бөлігінде көрсетілген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 150 / жүз елу сағатқа / қоғамдық жұмысқа тартылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: Шымкент қаласы Енбекші аудандық сотының баспасөз орталығы.