Мұра қабылдау мерзімі қалпына келтірілді
18/03/2016
Талапкер А.Ш жолдасы 2010 жылы қайтыс болғанын, одан қалған үйді иеленіп, төлемдерін төлеп келгенін, үйді өз атына аудару үшін мұраны қабылдау мерзімі өтіп кеткенін көрсетіп, азаматтар С.Н.,К.Н.-ны жауапкерлер деп танып, мұра қабылдау мерзімін қалпына келтіріп, мұраны қабылдады деп тану туралы сотқа жүгінген.
Түркістан қалалық сотының 2016 жылдың 1 наурызындағы шешімімен талап қоюшының талаптары қанағаттандырылды.
Шешім заңды күшіне енбеген.
Источник:
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі