Есірткі затты сақтағаны үшін жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

08.02.2014 жылы Мақтарал АІІБ І-ПБ қызметкерлерінің «жедел алдын алу іс-шараларын» жүргізулері кезінде Абай ауыл округі Мырзадинов көшесі №5 үйде  қалыстардың  қатысуымен азамат Н.А.-ға жеке тінту жүргізіліп, нәтижесінде оның шалбарының қалтасынан қағаз пакетке оралған жасыл түсті ұнтақталған хош иісті зат алынған. Сараптама қорытындысы бойынша алынған зат - жалпы  салмағы  6,9807 гр. құрайтын  «марихуана» есірткі заты екендігі және құқық бұзушы Н.А.-ның бұл затты қылмыстық жаза қолданатын белгілері жоқ, өткізу  мақсатынсыз, жеке бас пайдасына жарату үшін заңсыз  түрде  сақтағаны анықталып, оған қатысты іс құжаттары сотқа жолданған. 

Сот отырысында құқық бұзушы Н.А. өзіне тағылған кінәсін толық мойындап, келешекте мұндай іс-әрекетті жасамайтынын айтып, кешірім жасауды сұранды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Н.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, оған осы бап бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 9260 теңге айыппұл  салынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.                

Мақтарал ауданының №3 аудандық сотының баспасөз қызметі