Баспасөз мәслихатын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш аудандық соты 2014 жылы қараша айында Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің азамат Д-ға Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қарағанды Академиясныдағы оқуына жұмсалған бюджет қаражатын қайтару туралы азаматтық істі қарады.

Соттың шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, азамат Д-дан мемлекет пайдасына (облыстық ІІД-нің есебіне) 407 404 теңге қарыз ақша және мемлекеттік баж сомасы өндірілді.

Мемлекеттік оқу орны мен Д-ның арасында түзілген келісімге сәйкес Д. оқу орнын аяқтаған соң полиция органдарда 5 жылдан кем емес мерзімде міндетті түрде қызмет атқару тиіс еді. Алайда, Д. бұл келісімнің талаптарын орындамай, ОҚО Мақтаарал аудандық ІІБ-да 3 жылға жетпей қызмет атқарып, полиция органдарынан «қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін» деген негізбен босатылған.

Айта кеткен жөн, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізілді.

Енді, егер шартта көзделген мерзім өткенге дейін өз еркімен қызметін тоқтатқан оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған соманы өндіріп алу туралы сотқа талап мәлімделген болса, мұндай істер бойынша сотпен сот отырысы өткізілмей, тараптар сотқа шақырылмай сот жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарайды.

Источник: 
Сарыағаш аудандық сотының баспасөз қызметі