Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот 2014 жылғы атқарған жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2014 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз маслихаты өткізілді.

 Іс-шара барысында сот төрағасы С.Тулепбергенов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өткен жылдағы сот төрелігін жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы толыққанды ақпарат берді. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында сот төрелігін атқаруға байланысты қол жеткен жетістіктері мен кемшіл тұстары айтылды.

Сонымен қатар, төраға «Өткен жылы сотқа 1017 қылмыстық, 1073 азаматтық және 924 әкімшілік іс түсіп, бұл 2013 жылғы түскен 644 қылмыстық, 1021 азаматтық және 967 әкімшілік іске өскен. Медиаторлардың қатысуымен ауданаралық сотта 35 азаматтық, 186 қылмыстық іс бітімгершілікпен аяқталған. 2015 жыл ауданаралық соттың өндірісіндегі істерді сапалы, әрі жедел қарауды қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуде жаңа инновациялық технологияларды кеңінен қолдану, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысты нығайту басым бағыттар болып белгіленді»,- деп атап көрсетті.

Мәжіліс соңында сот төрағасы БАҚ өкілдерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі