жм, 10/06/2016 - 15:16
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында алаяқтық жасаған азаматша М.П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы М.П. өзінің танысы жәбірленуші Қ.Н.-ға «Қол жетімді баспана» бағдарламасы бойынша пәтер алып беремін», - деп алдап, қызметі үшін жәбірленуші К.Н.-нің 1 300 000 теңгесін алып, бас пайдасына жаратқан.
Сот үкімімен М.П. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 63-бабымен пробациялық бақылау белгіленді.
Қайнар:
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі