Пилоттық жоба аясында келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында талап қоюшы Г. сотқа келтірген талап қою арызында, жауапкер Г.-дан бала үш жасқа толғанша асырап бағу үшін қаржы талап етуді сұраған.

Аталған азаматтық іс бойынша даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба аясында тараптар медиатордың көмегімен келісімге келіп, медиативтік келісім жасап, оны соттан бекітуді сұраған.

Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзiлген  медиативтік келісімі, ондағы шарттарымен қоса бекiтiліп, iс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Тараптарға Қазақстан Республикасы АПК-нiң 278-бабының талаптары, яғни iс бойынша iс жүргiзу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екiншi рет сотқа жүгiнуге жол берiлмейтiнi түсiндiрілген.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі