Мамандандырылған сотта дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Жасөспірімдерге қарсы қылмыс ‒ қоғамға қауіпті құбылыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге ОҚО адвокаттар алқасының, ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, облыстық прокуратураның, Білім басқармасының, ІІД-нің және БАҚ өкілдері қатысты.

Баяндамашы судья А.Қарабаев дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына «Жасөспірімдерге қарсы  қылмыс-қоғамға қауіпті құбылыс» тақырыбы бойынша қоғамда орын алып жатқан қылмыстарға, оның шығу себептеріне тоқталды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылармен пікір алмасып, тақырып бойынша мәселелерді талқылады.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі